Туындылар ✍️
Туындылар ✍️
29.11.2021
289
Конфуцийдің өмірлік 30 қағидасы
Қытайдың ұлы ойшылы Конфуций ілімінің ерекшелігі мынада: ол адамгершілік мәселелерін бірінші орынға қойған.
Конфуций өз ілімін адамқұндылығына бағыттаған. Ол – алғаш рет адамның кісілік тұлғасы туралы ой қозғаған философ.
– Адам тумысынан жаман болып тумайды, оны жаман да, жақсы да ететін өскен ортасы, – дейді ол.
Ендеше, оның пәлсапалық ойларына бір сәт назар аударып көрелік.
- «Егер патша өзінің ақ пейілін адамгершілік істерімен дәлелдемесе, онда халық оған сенім білдірмейді, ал халықтың сенімін ақтамаған патшаға адамдар бағынбайды.
- Данышпан патшалық құрған кезде барлық жерде бейбітшілік болады.Данышпандық адамдарға қатысты өз парызын шынайы адалдықпен орындаудан тұрады.
- Білімшыңына үш жол апарады: ойлау жолы – бұл игі әрі қайырымдылық жол, Ұқсауға тырысу мен еліктеу бұл – жеңіл жол, Тәжірибе жинау жолы – ең құдіретті әрі абыройлы биік жол.
- Егер біреудің тірі жүргенін көре алмасаң – онда сенің жеңілгенің.
- Егер елде тазалық пен әділеттілік болса, онда, іс-қимылың мен әрекетің еркін болады. Ал әділетсіздік тамыр жайған елде еркін жүргеніңмен, аузыңа ие болғаның дұрыс.
- Біреуден кек алғың келсе, оған және өзіңе ор қаз.
- Ақиқатында өмір сүру жеңіл, бірақ біз оны күрделендіріп жібереміз.
- Ұстамсыздық – ұлы істі құрбандыққа шалады.
- Қайырымды адам өзіне талап қояды, ал мәдениеті төмен адам өзгеге талап қойғыш келеді.
- Үш нәрсені қайта оралту мүмкін емес: Уақыт, Сөз және Мүмкіндік. Сондықтан уақытты жоғалтпай, сөзіңді әркез сайлап ап, мүмкіндігіңді жіберме.
- Миға ақыл-кеңес біртіндеп жиналады. Бірақ оны өз қажетімізге жаратпай, шөміштеп шашамыз.
- Аздап болса да, мейірімді бола түссеңіз, өмірде ақымақтықты да көп жасамайсыз.
- Адамдар бұрын өзін жетілдіру үшін ілім алатын, ал қазіргілер жұртты таңқалдыру үшін білім алады.
- Барлық адамда сұлулық бар, бірақ оны кез келген адам көре алмайды.
- Егер сені артыңнан біреу сөз етсе, онда сенің алда келе жатқаның.
- Өмір сынағынан ешқашан сүрінбеген адам ұлы емес, ол сынақтан, құлап, қайта тұрып кеткен адам мықты.
- Мақсатыңа жету қиындыққа айналса, еңсең түспесін, тек оған қатысты жоспарды қайта құр.
- Кейде енді қайталамау үшін де қателік жасауға тура келді.
- Өмірде өкінудің қажеті жоқ. Қайта одан қорытынды шығар да, одан ары өмір сүруді жалғастыр.
- Өз мақсатыңа жылдам жету үшін күресіп жатсың ба, мәселе онда емес. Маңыздысы – мақсат жолында тоқтап қалмау.
- Егер біреу сені өкпелеткісі келсе, алдымен оның өзіне ауыр тиеді.
- Мың шақырымға жол алғашқы қадамнан басталады.
- Таңертең шындықты естіп, кешке өлуге болады.
- Сөз –дұрыс, ал әрекет айқын болғаны жөн.
- Қылмыстың ең ауыры – жүрексіздік.
- Үнсіздік – ұлы дос, ол саған ешқашан да опасыздық жасамайды.
- Біз өз көзімізге сенеміз – бірақ оған сенуге болмайды; біз өз жүрегімізге де сенеміз – бірақ оған да сенуге болмайды. Есте сақтаңдар, ақиқатында адамды тану оңай емес!
- Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке – әке, ал ұлдың– ұл болғаны дұрыс.
- Жолдары әр түрлі көрінетін адамдар, жоспарды бірге құрмайды.
- «Адамдар үшін адал қызмет алдым ба? Мінез- құлқымжұртқа жайлы ма? Достарыммен қарым-қатынаста адалмын ба? Маған үйреткенді қайталап айтып, өнеге алып отырамын ба?», – деп мен өзімнен күніне үш рет сұраймын.
“Айқын” газеті, Берік Бейсенұлы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter