29.11.2021
  736


(күйеуім туралы) 2013 жылдың аяғы, бір фирмада жұмыс жасаймыз, офиста адам көп болғандықтан бір-бірімізді танымаймыз. Бір күні бірге жұмыс жасап жүрген құрбым: мен жұмыстан шығып кеттім, Жүніс деген ағай шығарып жіберді, ыңғайы болса, оның командасына бармауға тырыс, қатал адам деді. Сонан бастығым: Жүністің командасына жіберемін десе, бастыққа жалынамын жібермеңіз, қай команда болсада мейлі, тек Жүністің командасы емес деп. Сонан 2014 жыл, шілде айы жұмысымтан «повышение» болып, офисқа ауыстым. Қасымда бір қыз, жұмыстың барысын түсіндіріп отырған еді, бір кезде: Жүніс мына қағаздар сізге деп, беріп жатырғанда, басымды көтеріп қарасам, Жүніс дәл алдымда тұр күлімдеп, сол күні ессіз күйеуіме ? ғашық болып қалдым. Кейін, қасымдағы қыздан: тағы Жүніс деген бар ма десем, жоқ тек осы Жүніс дейді. 1 жыл қашып жүрген Жүнісім болашақ күйеуім екен?Негізі күйеуімнің атын мүлдем атамайтын едім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу