28.11.2021
  1200


Бір күні мұғалім сыныптағы оқушыларына жақсы адам болу, адамдарға жақсылық жасау туралы айтып, тәрбие сағатын өткізеді. Ертеңіне бір оқушысы қолын көтеріп:
- Апай, мен кеше көзі көрмейтін кісіні жолдан өткізіп жібердім,- дейді. Мұғалім:
- Бәрекелді, жарайсыңДаулет !- деп мақтайды. Оның артынша тағы бір оқушысы қолын көтереді де:
- Апай мен кешеДаулетке әлгі соқыр кісіні жолдан өткізуге көмектестім, -дейді. Апай:
- Неге,Даулет өзі өткізе алмас па еді?
- Жоқ, ол кісі жолдан өткісі келмеді, біз оны мәжбүрлеп өткіздік,- деген екен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу