Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
28.11.2021
139
* * *
Сайлап жатыр апыл-ғұпыл,
Ұл дөңгелек, бала шана.
Бұтақ сынып сатыр-күтір,
Келді, міне, қараша да.
Ит қуғандай бездіреді
Көркем ойды көмескі ұғым.
Қар ызғары сездіреді
Қыстың алыс еместігін.
Көңіл-күй де ортайып тұр,
Қабаржыған тауға қарап.
Кеттік, досым, қайтайық бір,
Өзен бойлап, жар жағалап...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter