Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
28.11.2021
158
АЙ АСТЫНДА ЕШТЕҢЕ ЖОҚ МӘҢГІЛІК
Көктөбеде жүрем кейде қаңғырып,
Сана, миды сарсаң қылып сан күдік.
Алшаң басқан мықтыларға күлемін,
Ай астында ештеңе жоқ мәңгілік!
Ай астында ештеңе жоқ мәңгілік,
Жасаса да
тән қарсылық
жан бүлік.
Бәрі өткінші,
бәрі жалған – бір сәттік,
Өмір деген көкке сіңген жаңғырық.
Түнге қарай қорғасынша ақса іңір,
Жанып бітер жаңқа-ғұмыр шоқша өмір.
Ай астында ештеңе жоқ мәңгілік
Мәңгілік тек – Көкте тұрған
Хақ – Тәңір!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter