28.11.2021
  187


Автор: Қошаева Гүлмира

Өзіңізді жақсы көруіңізге көмектесетін 12 әдіс.

1️⃣Кез-келген критикадан бас тартыңыз.
Критика ешнәрсе өзгерте алмайды.Сондықтанда өзіңізді сынауды доғарыңыз.Өзіңіз қалай барсыз, солай қабылдауға тырысыңыз.Барлығы да өзгеруі мүмкін.Тек сіз сол өзгерістерді сынау арқылы жасар болсаңыз, сіз негативті адамға айналуыңыз мүмкін.Ал, өзіңізге сенімді түрде өзгеруге кіріссеңіз,сіз керемет нәтижеге жетесіз.
2️⃣ Өзіңізді кешіріңіз.
Өткенді ұмытыңыз,ол қайта оралмайды.Өткен өміріңізге еш өкінудің қажеті жоқ.Өйткені сіз сол кезде қолыңыздан келгеннің бәрін жасадыңыз.Қазіргі таңда болса,есейіп қалып өміріңіз өзгерді.
3️⃣ Өзіңізді қорқытпаңыз.
Өз ойларыңызбен қорқыныштарды туындату әрбір адамның қолынан келеді.Дегенмен ондай қорқыныштармен өмір сүру өте қиын.Өзіңіз шабыт табатын ойларға көңіл бөліңіз. Сонымен қоса кішігірім ғана қорқынышты ойларды қоссаңыз болады.
4️⃣ Нәзік және ақкөңіл, сабырлы болыңыз.Өзіңізбен қарым-қатынаста нәзік болыңыз.Өзшелермен араласқанда ақкөңіл болуға тырысыңыз.Өмір сүрудің жаңа заңдарын үйреніп жатқаныңызда,әрқашанда сабырлы болыңыз.
5️⃣ Ақылыңызға сай болыңыз.
Өзіңді жек көру-өз ойларыңды жек көру деген сөз.Сіз өзіңізді ойларыңыз үшін жек көрсеңіз, ойларыңызды тек жақсы жаққа бағыттауға тырысып көріңіз.
6️⃣ Өзіңізді мақтаңыз.
Критика-ішкі духыңызды сындырады.Оны көтерудің уақыты жетті деп ойлаймын.Өзіңізді қолыңыздан келгенше мақтаңыз.Тіпті ұсақ заттардың өзіне көңіл бөліңіз.
7️⃣Өзіңізді қолдаңыз.
Өзіңізді қолдаудың себептерін табыңыз.Көмек керек болса, достарыңыздан көмек сұраңыз.Көмек керек кезде оны сұрау-мықты қасиет болып табылады.
8️⃣ Өзіңіздің кемшіліктеріңізді жақсы көріңіз.
9️⃣Өз денеңізге қамқорлық жасаңыз
1️⃣0️⃣Көңіл көтеріңіз.
1️⃣1️⃣Өзіңізді жақсы көруді қазірден бастаңыз.Ол үшін сіз салмақ тастауды немесе көңіл-күйіңіздің көтеріңкі болғанын күтудің қажеті жоқ.Барлық күш жігеріңізді жұмылдырып,өзіңізді жақсы көруге тырысыңыз.
1️⃣2️⃣Айнамен көп жаттығулар жасап көріңіз.Өз көзіңізге көбірек қараңыз.Айнаға қараған сәтіңізде,сіз өзіңізді тез кешіресіз.Және де күніне кем дегенде бір рет айна алдына барып: «Мен сені жақсы көремін.Мен сені шыныменде жақсы көремін»-деп айтыңыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу