Әңгімелер ✍️
Табиғат ресурстарын сақтауға арналған 12 кеңес.
Адамдар үшін өмір сүру салтын экологиялық жолға бағыттау өте қиын. Өйткені олар көбіне табиғат заңдарына қайшы келетін дүниелер жасайды. Дегенмен сіз табиғат ресурстарын сақтауға бекінсеңіз, оны қарапайым ережелерден бастаған жөн. Ол үшін төменде көрсетілген 12 кеңестің біреуін орындауды күнделікті режимге қосыңыз. Нәтижесінде табиғатты сақтауға, аз ғана болсын үлес қосқан боласыз.
⠀
????Қуатты үнемдеу арқылы, сіз ақшаны да үнемдейтініңізді ұмытпаңыз!
1. ?Мүмкіндігінше кір машинаны қолданған кезде, төменгі температураны пайдалануға тырысыңыз. Егерде сіз температураны 60 градустан 40 градусқа төмендетсеңіз, электр энергиясын тұтынуды үштен бірге азайтасыз.Ал 30 градусқа дейін төмендету арқылы электр энергиясының 40% үнемдейсіз. Сонымен қатар, кір жуғыш машинаның қызмет ету мерзімі артады.
⠀
2. ?Мүмкіндігінше, үлкен көлемдегі деректерді сақтау үшін WD Caviar Green жасыл жинақтауышын ( накопител) пайдаланыңыз. WD Green Power технологиясымен жұмыс істейтін қатты дискілер стандартты дискілермен салыстырғанда 30% энергияны үнемдейді.
⠀
3. ?♀️Жоғарғы қабатқа лифт орнына баспалдақтармен көтеріліңіз. Бұл арқылы сіз кішігірім энергияны үнемдейсіз. Оған қоса физикалық жаттығу арқылы, денеңіз серігіп қалады.
⠀
4. ??♂️Мүмкіндігінше көп жаяу жүріңіз. Немесе көп жағдайда қоғамдық көлік пен велосипедті пайдаланыңыз.
⠀
5 .????Демалыс күндері отбасыңызбен жақын маңдағы ормандарға барыңыз. Онда таза ауамен демалып, ормандағы қалдықтарды жинаумен айналысыңыз. Бұл сіз үшін де, табиғат үшін де өте пайдалы дүние.
⠀
6 .✅Үнемі сағыздарды қоқыс жәшігіне тастаңыз. Себебі көгершін мен өзге де құстар көбінесе сағызды жеп қояды. Нәтижесінде олар өліп қалуы мүмкін.
⠀
7. ?Үнемі қолданылған жарық беруші лампаларды арнайы контейнарға салуды ұмытпаңыз. Өйткені лампаларды кәдімгі қалдықтармен араластыруға болмайды. Ол болашақта табиғатқа қауіп төндіруші элементке айналуы мүмкін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter