27.11.2021
  193


Автор: Керімсал Жұбатқанов

Моргенштерн Бастрыкиннің мәлімдемелерінен кейін Ресейден кетіп қалды

Ресейлік БАҚ танымал рэпер Моргенштерннің (Алишер Валеев) Ресей Тергеу Комитеті басшысының 25 қарашадағы мәлімдемесінен кейін Ресейден кеткенін хабарлады. Осы ведомствоның басшысы Александр Бастрыкин Моргенштерн мен оның командасының әлеуметтік желілер арқылы есірткі сатуға қатысы бар деген болжам айтты.


Сонымен қатар, әншінің бір бейнебаянында сұрақтар туындады, оның алдында  Ресей Тергеу Комитеті Моргенштерннің Жеңіс күні туралы сөзіне байланысты тексере бастады. Ресейлік рэпер Моргенштерн Ксения Собчакқа берген сұхбатында 9 мамырда Жеңіс күнін тойлауды мағынасыз деп санайтынын айтты. Олар әйгілі блогердің кеңестік "Журавли" әнін шырқайтын бейнебаянды талқылады. Собчак өзін патриот санайтынын, бірақ Моргенштерннің сөзі дөрекі екенін атап өтті.


Бұған жауап ретінде Моргенштерн 76 жыл бұрын болған Жеңіс күнінің мәнін түсінбейтінін айтты. Бұған жыл сайын миллиондаған қаржы жұмсалады. Моргенштерн көптеген ресейлік әртістер мемлекеттік тапсырыстарды қабылдайтынын және кеңестік әндерді өз стилінде орындайтынын баса айтты. Мысал ретінде ол әскери костюм киіп, "Журавли" әнін орындаған рэпер Даваны келтірді.


«Бұл, мүмкін, қандай да бір бекіткіштер (орысша – скрепы) , мен түсінбеймін. Бірақ, мақтанатын ештеңе жоқ», - деді Моргенштерн. Ресей бұрынғы жетістіктерді атап өтпей, алға жылжып, жаңа табыстарға жетуі керек екен. «Ақпараттық технологиядағы жеңістер, ғарыштық технологиядағы жеңістер - сондайларды тойлау керек», - деді Моргенштерн.


Моргенштерн қазіргі Ресейде 70 жылдан астам уақыт бұрын болған оқиғаны тойлап жатқанына өкініш білдірді. Сондай-ақ ол Жеңіс күніне арналған бейнебаянға түспейтінін, өйткені бұл өзіне опасыздық болатынын мойындады.


Сонымен, Моргенштерн қазіргі Ресейде Жеңіс күні тым белсенді тойлап жатқанын және оның орнына жаңа нәрсеге мақтаныш бастаудың уақыты келгенін айтты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу