26.11.2021
  784


Автор: Льюис Кэрролл

Алиса ғажайыптар елінде

Әпкесімен бірнеше сағаттан бері көгалда отырған Алиса немен айналысарын білмеді. Әпкесі кітап оқып отыр. Шілденің ыстығы мен жапырақтар сыбдыры Алисаның ішін пыстырып, ұйқысын келтірді. Әпкесінің кітабына бірнеше рет үңілген ол кітапта қызықты суреттер мен әзіл әңгімелер жоқ екеніне көзі жетіп, күрсініп қойды. «Әлде, түймедақтан гүлтәж жасасам ба екен?» деп ойлады ол бір сәт.


Бірақ Алиса қозғалуға ерінді. Кенет оның қасынан бірақ Қоян құйғытып өте шықты. «Құдайым-ай, кешіктім-ау! Кешіктім ғой!» деп зарлап бара жатыр. Қоян сағатына тағатсыздана қа рап қояды. Алиса атып тұрып, Қоянның соңынан тұра жүгірді. Ол Қоянның артынан жүгіріп отырып бақтың шетіне шықты. Дуалдың астынан үлкен ін көрінді. Алиса Қоянның ізінше інге кірді. Ін туннельге көбірек ұқсайды екен. Кенет Алиса байқамай, құдыққа құлап түсті. Неге екені белгісіз, Алиса төмен қарай өте баяу құлдилады. Жан-жағына таңырқай қарады. Құдықтың қабыр ғасына айналдырыла қойылған сөрелердегі ыдыс-аяқтар мен кітаптарды, портреттер мен көне теңіз карталарын көрді. Осы заттардың бәрі Алисаға жоға ры қарай жәймен жүзіп жатқандай болды. Осылай төмен құлдилап келе жа тып, ұйықтап кетеді. Ол үйілген құрғақ жапырақтардың үстіне топ етіп түскенде барып оянады. Алиса «Қояннан көз жазып қалмайын» деп одан әрі қарай жүгірді. Бұрышты айнала бере, ол үлкен дөңгелек залдан бірақ шықты.


Бірақ мұнда Қоян көрінбеді. Залдың терезесі жоқ екен. Өте кішкентай бір есік тұр. Бірақ Алиса ол есікке сыймайтын сияқты. Залдың ортасында хрусталь шыныдан жасалған үстел тұр. Үстелге жақын келген Алиса кішкентай шөлмекті көрді. Шөлмектің мойнына қағаздан құлақша байланып, оған алтындалған үлкен әріптермен «МЕНІІШ» деп жазылыпты. Алиса батылданып, шөл мектегі сусынды ішіп алды. Сол-ақ екен, ол бір тіндеп кіші рейеберді, кіші рейеберді. «Сұмдық-ай! — деп ай ғайлап жіберді Али са.


— Мен гармон сияқты жиыры лыпбара жатырмын». Шынын да, оның бойы енді жиыр ма сантиметрге де жетпей қалды. «Алақай, енді кішкентай есіктен кіре алатын бол дым!» деді Алиса қуанып.


Есікті ашқан Алиса керемет гүл бағын көрді. Кенет біреудің жүріп келе жатқан дыбысы шықты. Бұл әдеміленіп киініп алған ақ Қоян еді. Алиса оның «О, Герцогиня! Байғұс аяқтарым-ай! Енді ол менің басымды кеседі. Қап, құдай-ай, қайда түсіріп алдым екен?!» деп, жан-жағын қарманып, бірдеңені іздеген аянышты дауысын естіді. Анадай жерде әрлі-берлі сенделіп жүрген Алисаны байқап қалған Қоян ашуланып:


— Ася! Тез бар да, үйден менің қолғабым мен желпуішімді алып кел! Жылдам! — деп айғайлады. Күтпеген жерден шыққан ай ғай дан қорқып кеткен Алиса қоянның үйінеқарай жүгіре жөнелді. «Ол мені қызметшісі деп ойлап қалды ғой деймін» деп ойлады жүгіріп бара жатып. Алиса үйшікке кірді. Үйдің іші шағын әрі мұнтаз дай тап-таза екен. Желпуіш пен бірнеше жұп қолғаптарды алып, кері бұр ыла берген Алисаның көзіне шоколад қосылған тәтті нан түсті. «Қарнымның ашқанын-ай!» деп, Алиса тәтті нанның бір үзімін аузына салып жіберді. Кенет Алиса өсе бастады. Тіпті, басы төбеге тіреліп қалды. Сол сәтте үйге абыржулы Қоян кіреді, Алисаны көріп, сілейіп тұрып қалады. — Наннан кішкене ғана жеп едім, тоқтаусыз өсіп барамын. Қазір үйдің төбесін тесіп шығармын, — деді Алиса кінәлі кейіппен.


— Сен Ася емес екенсің ғой! — деді Қоян кейіп. Алиса «иә» дегендей басын изеп, одан әрі өсе түсті. Қоян Алисаға нанды ұсынып, «Екінші жағынан тісте» деп бұйырды. Сол-ақ екен, Алиса қайта кішірейе бастады. Ал Қоян желпуіші мен қолғабын ала сап: «Герцогиня басымды кесетін болды-ау!» деп үйден жүгіріп шығып кетті. Есікке сыятындай кішірейген Алиса бұл арадан кетуге асықты. Шыға сала, титықтап шаршағанша жүгірді. Кенет, ол өзінің тез арада қайта өсу керек екенін түсінді. «Енді қалай өссем екен? Ол үшін бірнәрсе ішуім, не жеуім керек шығар» деп ойлады ол. Жан-жағына қарап еді, көзіне жейтін ештеңе түсе қоймады. Айнала қаптаған гүлдер мен бұталар. Араларында бір үлкен саңырауқұлақ өсіп тұр. Алиса саңырауқұлаққа жақындады. Байқап қараса, бойы саңырауқұлақтан кішілеу сияқты. Алиса аяғының ұшымен тұрып қарап еді, саңырауқұлақтың үстінде барлық аяқ тарын бір-бірімен айқастырып тастап, қаннен қа персіз кальян шегіп отырған дәу көгілдір қырық аяқпен көздері түйісіп қалды.
Қырықаяқ Алисадан:


— Сен кімсің? — деп еріне сұрады. Алиса таңертеңнен бері біресе үлкейіп, біресе кішірейіп, қаншама рет өзгергендіктен, кім екенін өзі де білмей тұрғанын ұяла айтты. — Бойыңның қандай болғанын қалайсың? — деді қырықаяқ.


— Маған бәрібір, тек қайта-қайта өзгере бермесе болды, — деп асығыс жауап берді Алиса.


— Саңырауқұлақтың бір шеті сені өсірсе, екінші ше ті кіші рейтеді, — деді қырықаяқ. Али саға саңырауқұлақ дөңгелек болғандықтан, екі шетін табу қиын болды. Ол саңырауқұлақтың басын қолы жеткенін шеқұшағына сыйғызып алып, екі шетінен екі тілімін жұлып алды. Оң қолындағы тілімді жеп көргені сол екен, ол өзінің кішірейіп бара жатқа нын сезді. Сол қолындағы тілімін жегенде өсе бастады. Ол орманды аралап келе жатып мың құбылды. Өзінің әу бастағы қалпына келгенше бір үлкейіп, бір кішірейді. Алиса азғана жүрген соң, ағаш арасынан бір үй көрінді. Есік алдында ұзын үстел тұр. Қоян, етікші, тышқан үшеуі шай ішіп отыр екен. Алисаны көрген олар «орын жоқ» деп баж ете қалды.


— Бұл жерде орын көп қой! — деп ашуланған Алиса үстел басындағы бос бір креслоға барып жалп етіп отыра кетті. Алиса қайтадан орманға қарай жүрді. «Бұрын-соңды мұндай есуас шайқорларды көрмеппін!» деп ойлады ол. Алиса бір ағаштың діңінен кішкентай есікті көрді. Саңырауқұлақтың бір тілімін жеп, кішірейген ол есіктен кірсе, алдында керемет гүлдер жайқала өсіп тұр екен.


Ортада үстел, үстел үстінде алтын кілт жатыр. Алиса алтын кілтпен тағы бір есікті ашып, әде мі субұрқақтары бар үлкен сарайдың алдын да ғы таңғажайып бақтың арасынан бірақ шықты. Бақта үш бағбан ақ раушан гүлдерін қызыл түске бояп жатыр екен. Қыз себебін сұрады. Олар қызыл раушан гүлдерінің орнына қателесіп ақ раушан отырғызғанын, Патшайым бұл қателікті байқап қалса, бастарын алатынын айтты. Осы кезде нөкерлерін ертіп карта Патшайымы келді. Алисаны көріп:


— Крокет ойнай аласың ба? — деп сұрады.


— Иә! — деп тақ ете қалды Алиса.


Ойынның нағыз қызған шағында: «Сотқа жиналыңдар!» деген хабар келді. Карталар Патшайымның соңынан еріп, сарайға қарай бет алды. Алиса да оларға қосылды.


Патшайым кірген бойда төрде отырған патшаның жанына барып жайғасты. Ортада қолы айланған Балта тұр. Алиса бұрын-соңды қыл-мыстық процеске қатысып көрмеп еді. Қолына орама қағаз бен жіңішке керней ұстаған баяғы ақ Қоян: «Тынышталыңыздар!» деп айғайлады.


— Жаршы, айыптау қортындысын оқып шық! — деді патша.


Қоян орама қағазын жазып жіберіп:


— Жаздың бір күнінде күтпеген оқиға болды. Түйетабан мәткесі пісірген бәлішті Балта ұялмастан ұрлап кетті, — деп жария етті. Патша


Алисадан:


— Бұл іс туралы сіз не білесіз? —деп сұрады.


Алиса ештеңе білмейтінін айтты.


— Сот айып тақсын! — деп бұйырды Патша.


— Жоқ! — деп айғайлады Патшайым.


— Алдымен үкім шығарылсын, сосын барып айып тағылсын!


— Бос сөз! — деді Алиса.


— Алдымен үкім шығару дегенді қайдан көрдіңдер?!


— Тіліңді тарт! — деп шаңқ етті Патшайым.


— Тартпаймын! — деді Алиса шаптығып.


— Оның басын алыңдар! — деп Патшайым бар күшімен ақырып жіберді.


— Құдай-ау, менің басымды алдыратын сіз кімсіз? Бар болғаны карта емессіз бе? — деді Алиса байсалды түрде.


Сол сәтте барлық карта аспанға көтеріліп, қыздың үстіне жаңбырша жауды. Алиса айғай лап жіберді. Ол карталарды қағып тастамақ боп қолын сермеп жатып оянып кетті. Қараса, сол баяғы көгалда жатыр. Әпкесі оның бетіне түскен қурағанжа пырақтарды абайлап қағып отыр екен.


— Алиса, оян, — деді әпкесі, — осы ұйықтағаның да жетер.


— Мен сондай қызық түс көрдім! — деп Алиса әпкесіне түсіндегі таңғажайып оқиғаларды түгел айтып берді.


Әпкесі оны мейірлене сүйіп:


— Иә, ғажайып түс екен. Ал енді үйге жүр. Шай ішейік. Кеш те батып барады, — деді.


Үйге қарай жүгіре жөнелген Алиса «шынында, көрген түсім қандай тамаша!» деп ойлады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу