Туындылар ✍️

Қол жомарттығы
Жомарттықты ең ізгі, ең асыл қасиеттер қатарына қойып, «қол жомарттығын» адамгершілік пен ізгіліктің нақты көрінісі деп бағала- ған қазақ халқы: «қолы ашық адам – өмірге ғашық адам, сараң адам –
пасық адам» деп ұрпақтарын қолы ашық жомарт, ақ көңіл, ашық-жар- қын болуға баулыған.
Ұрпақтар бойына «қол жомарттығын» сіңіруде, өнегелі ата-аналар перзенттеріне өзінде бардың барлығын көппен бөлісу, қолындағы бар- ды елден аямау, қиналғандар мен жоқ-жітіктерге қол ұшын беру, түр- лі апаттар мен ауру-сырқауға кіріптар болғандарға көмек беру; жылу атау, қамқорлық жасау, алдына бір нəрсе сұрай келгендерді құр қол қайтармау, яғни бүтін нан болса бөліп, жарты нан болса жарып жеу керектігін мұқият ұғындырып, ұрпақтарын қолы ашық жомарт бо- луға, қолынан келген жақсылығын адам баласынан аямауға баулиды. Сараңдықтан, дүниеқорлықтан, ашкөздіктен, озбырлықтан бойларын аулақ ұстауға үйретеді.
Қол жомарттығы адамдарды ізгілікке жетелейді. Адамдар арасын- дағы достықты, татулықты, береке-бірлікті нығайтады. Өштік-қас- тықты жойып, қоғамдық қайшылықты бəсеңдетеді. Орынсыз бəсеке мен күндестікті тежеп, өзгелердің құрметіне бөлейді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇