Туындылар ✍️
БАЛАЛАРДЫ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ТƏРБИЕЛЕУ
Баланы табу – қиын, жақсылыққа бастау – одан да қиын деп біл- ген қазақ халқы балаларды есейгенде Отанының, халқының азаматы
етіп тəрбиелеуде алуан түрлі айла-тəсіл қолданған. Тіпті, алғаш аяғын еркін басып, тілі толық шығып ойнай бастағанда, оларға «санамақ»,
«ханқыз» сияқты айтуға жеңіл, тапқырлық пен ақындыққа жетелейтін ойын түрлерін үйреткен.
Мысалы, «Санамақ» ойынында:
- Бір,
- Біздің үйге кір!
- Екі,
- Ет турайтын бəкі.
- Үш,
- Сені жықпақ күш.
- Төрт,
- Маңдайыма шерт!
- Бес,
- Майлы құлақ кес!
- Алты,
- Ата-баба салты.
- Жеті,
- Жел-боранның өті.
- Сегіз,
- Болсын серкең семіз.
- Тоғыз,
- Борсық жейді қоңыз.
- Он,
- Атаң киген тон.
- Он бір,
- Қонақ келсе қондыр!
- Он екі,
- Жаман – насыбай, темекі! –
деп еркін ұйқас, мəнді сөз саптауға жаттықтырса; ал «Хан-қыз» ойы- нында: ұшып жүрген бір хан қызды (ел қайда көшер) ұстап алып, оны саусағына қондырып:
- Ел қайда көшеді?
Суды қайдан ішеді? – деп бірнеше рет əндетеді де, хан-қыз саусақ- тарының басына барып қанатын ашып ұшуға айналған кезде:
- Қызым, қайда барасың?
- Көк жайлауға барамын.
- Көк жайлауда нең бар?
- Алтын буған тең бар.
- Дария-суды кім ішер?
- Шөлдеп барған шал ішер.
- Тұр, балақай, сəлем бер! –
деп өздері сұрау қойып, өздері жауап беріп, соңында, хан-қызды өз- дігінен ұшпаса үрлеп ұшырып жіберіп, «ел мына жаққа көшеді екен» деп шуылдап хан-қыздың соңынан қуа жөнеледі…
Бұл ойын балалардың ақыл-ойын дамытып, дүниені тануын мо- лайтып, кейбір зиянды əдеттерден алыс болуға баулып, үлкендерді, қарияларды құрметтеп, сəлем беру секілді кісілік жол-жосынды ұғындырады. Ең маңыздысы, балалардың жасампаздық қабілетін жоғары- латып, өмірге деген құштарлығын арттырып, жан сезімін байытады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter