23.11.2021
  385


Автор: Айып Нүсіпоқасұлы

ЖЕТІМГЕ ЖЕЛКЕ ШАШ ҚОЮ

Ертеде ата-аналарынан жастай айырылып жетім қалған, жан- ашыр туыс-туғаны жоқ балалардың желкесіне бір шоқ шаш қоятын салт болған. Бұлай істеу «осы бала тұлдыр жетім. Мұны кім-кімнің


 


де құқық-мүддесін қорғау жауапкершілігі бар» дегені. Бұл «жетім- нің желке шашы» деп аталып, оны көрген адамдар жетім екенін біліп, оған аяушылықпен қарап, сырттай қамқорлық көрсетіп, тіпті бала қып бағып алып отырған.


Жетімдерге желке шаш қою, қазіргі замандағы сияқты аналар мен балалардың құқық-мүддесін қорғайтын заң-ережелер мен мекеме орындары жоқ заманда қоғамда белсенді рөл атқарған. Ол адамдар- дың жанашыр жақыны жоқ ұрпақтар алдында борыштылық жəне жа- уапкершілік сезімдерін оятып, оларды өзімшілдіктен, қайырымсыз- дықтан, рақымсыздықтан бойларын аулақ ұстап, ізгі ниетті, қайырым- ды, мейірімді болуға баулыған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу