Туындылар ✍️
ҰСТАЗ-ШƏКІРТТІК ПАРЫЗ-ҚАРЫЗДАР
« Ұстаз көрмегеннен ұлағат шықпайды», «Оқусыз – білім жоқ, білімсіз – күнің жоқ» деп білген қазақ халқы жастайынан ұстаз қо- лында оқып, өнер-білім үйренуді өздерінің перзенттік парыздары
санаса; көзі ашық, көкірегі ояу адамдар да «Шəкіртсіз ұстаз – тұл» деп өзі білген өнер-білімді талапты жастарға үйретіп, адамгершілігі асқақ, білімі терең азамат етіп жетілдіруді «ұстаздық парызым» деп біліп, ұрпақ тəрбиелеу жолында көз майларын тауысып, жүрек қан- дарын сарқуды даңқ деп білген. Сондықтан да қазақ дəстүрінде ұстаз- дық міндет арқалаған əрқандай адамның мойнына шəкірттер алдында қалтқысыз білім беріп, тамаша үлгі-өнеге көрсетіп, өнер-білім арқылы адамзат санасын нұрландыру парызы түссе; ал, ұстаз алдына барған барша перзенттің мойнына да жақсы оқып білім алу, мол өнер-білім игеріп, адамзат баласына бақыт жарату парызы түседі.
Ұстаз адам өз бойын барлық пенделік қылықтан аулақ ұстап, мо- раль, мұрат, адамгершілік жағынан шəкірттеріне, сондай-ақ, басқа да ел-жұртқа үлгі-өнеге болуы, үйретуі, білім беру парыздарын əділдік- пен атқаруы шарт. Қазақ ұғымында: халыққа өнер-білім үйретіп, кө- ңіл көзін ашудан сауапты іс жоқ деп қаралады. Шəкірттер санасына адамгершілікке жат, жаман қылықтар сіңірген ұстаз – барша адам ба- ласы алдында ұстаздық парызын əділдікпен атқармаған нашар адам есептеледі. Сол секілді, жақсы оқып өнер-білім үйренбеген, жақсы үлгі-тағылым алмаған, ұстаздарын құрметтемеген жəне оларға тіл, қол тигізген шəкірт те өз борышын əділдікпен атқармаған пасық адам есептеледі.
Бұл салт адамдардың өнер-білім үйретуге жəне үйренуге деген бо- рыштылық сезімін күшейтіп, ұстаздық, шəкірттік жауапкерлігін ұғын- дырады. Адамдарды өнер-білім үйреніп, ғылым-өнерді құрметтеуге баулиды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter