22.11.2021
  153


Автор: Айып Нүсіпоқасұлы

ҰСТАЗДЫҚ

Ұстаз болу – ұлағаттың белгісі» дейтін қазақ халқы бала тəрбие- леп, бала оқытып, өнер-білім беруді төтенше игілікті іс санап, ұстаз- дарды əлемге өнер-білім ұрығын себуші, адамдардың көкірек көзін


ашып, ой-санасын нұрландырушы деп, оларды ерекше құрметтеп, төрлерінен орын, төбелерінен жол берген.


Ертеде өнер-білімді, оқыған, зерделі, ақыл-парасатты кісілер:


«Шəкіртсіз – ұстаз тұл» деп қарап, өнер-білімдерін өзгелерге үйре- тіп, арттарына өз жолдарын жалғастыратын шəкірт тəрбиелеп ке- туді азаматтық парыздары санап, көзі ашық, көкірегі ояу адамдарға өнерлерін жəне білім үйретіп, адамзат мəдениетін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып отырған. Қазақ ұғымында: біреуге, мейлі, қандай өнер үйретсін, оқымысты, білімді, өнерлі адамдарды «ұстаз» деп атаған.


«Ұстаз» деген сөзді ардақ тұтқан қазақ халқы ұрпақтарын мол өнер- білім үйреніп, ақыл-ойын молайтып, білімін көбейтіп, халыққа білім ұрығын шашуға талпындырып, тұтас халықтың көкей көзін ашып, өнер-білім үйретуге қалыптастыруға жетелеген. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деп өнегелі, өнерлі ұстаздардан тəлім алған шəкірттер өмірге ой көзімен қарайтын, ғылым мен білімді қастерлейтін тамаша азамат болып жетіледі. Өзі білген өнер-білімін елге үйретпеген адам- ды «ішмерез» деп қатты жек көрген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу