Туындылар ✍️
БАЛАНЫ БЕСІККЕ САЛУ
Әдетте баланы бесікке баланың кіндігі түскен соң салады. Ба- ланы бесікке салуға (бөлеуге) ерекше мəн беріледі. Баланы бесікке
саларда «тышты ма» ырымы жасалады. Онда баланы бесікке салуға жиналған əйелдердің біреуі: «тышты ма?» деп дауыстағанда, бесікті айнала отырған əйелдер: «тышты, тышты» десіп, бесіктің түбек са- лар тесігінің астына тосылған қолдарға, бауырсақ, құрт, ірімшік, қант, кəмпит тастайды. Оны алған балалар таласа-тармаса жейді. Баланы алғаш бесікке балалы-шағалы, инабатты кісілердің бірі салады.
Баланы бесікке бөлеудің өзіндік ғылыми мəні бар. Əдетте, бесікке бөленген бала түзу, сымбатты болып өсіп, дəретіне былғанбай таза бо- лады. Зиянды жəндіктердің шағуынан қорғайды. Көшкенде ат үстінде алып жүруге өте қолайлы болады.
Ал, «тышты ма» айту – жаңа дүниеге келген сəбиге құт дары- сын, несібелі болсын, артынан байлық саулап жүрсін деген ниетпен істеледі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter