Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
22.11.2021
515
Қара алтыны халқымның
Мұнай... мұнай — сары май, қап-қара май,
келбетіне халқымның жаққан арай.
Бейнеті мол қазақтың жерін кеулеп,
байлығына айналған баққа қарай.
Мұнай... мұнай — қара алтын қазынамыз,
қаталдау табиғаттың назы нағыз.
Қан тамырдай таралған құбырлардан,
қарақошқыл Жер қанын ағызамыз.
Мән сыйлаған тірлікке, сән сыйлаған
мұнай көзін тереңнен аршиды адам.
Жапан түзде ертегі қала салып,
естен кетпес жасады сан сый маған.
Талайларды келтірген жарқын жүзге,
мұнай деген қап-қара алтын бізге.
Мұнай іздеп келеміз қиырлардан
ыстық шілде, қатал қыс, алтын күзде.
Қап-қара қан жүгіртіп тамырына,
қара алтынның боялып сағымына
қолын созған әлемдік биіктерге
сүйінемін Маңғыстау алыбыма!
Гүлжауһар Сейітжан Гүлжауһар Сейітжан өлеңдері Гүлжауһар Сейітжан шығармашылығы Мұнай Қара алтын Маңғыстау
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter