Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.11.2021
278

Қапа-мұң
Сенің надандығыңнан,
кеудемде қалды қапа-мұң..
Сенің жамандығыңнан,
өмірге шындап наламын.
Сенімен бірге,
жек көріп кеттім әп-сәтте
жарықты мынау..
жалғанды тілдеп, сабадым..
Бейкүнә Әлем,
жаралы күйде,
жарамды үнсіз таңады..
Сенің орныңа жауапкершілік,
мойнына алып алдымда,
Ақтағандай боп,
жақтағандай боп,
шарасыз жаймен қарады..
Қылмыстарыңа,
қатысы мүлде болмаса-дағы қорғаштап,
Шерімді бөгеп,
жабырқау жанды жұбатуға да жарады..
Ал өзіңнен,
оясыздықтан өзге түк шықпады,
өкінішті!..
Жанар Ешназар
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇