Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.11.2021
498

Мен сені жақсы көрем
Мен сені жақсы көрем,
араны алыссынбай.
Құдайым алыстырса,
сезіммен алыстырғай..
Паш етсе әлем сыйын,
сүймеуге хақым да жоқ,
Мен сені жақсы көрем,
ешкіммен салыстырмай.
Мендегі сезім зерек,
үні мен демі ерек.
Отына тамсандырған,
бұл дерттің емі бөлек.
Сырласқан құпиямның,
тамылжып тұрған күйі,
Сүйсінтіп жан мен тәнді,
тербейді әнге бөлеп.
Толқытқан ұшқыр сезім,
арылтты кәміл мұңнан.
Кәдік жоқ көңілімде,
шаттанды әр, ұнжырғам.
Мен сені жақсы көрем,
елтідім тылсымыңа,
Серпілткен сәуле үшін,
болсыншы жаным құрбан..
Жанар Ешназар
27/05/2021
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇