Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.11.2021
151
![](/uploads/shorttexts/author_image/zhanar-eshnazar-209105918-248650789934656-8581662177143004059-n.jpg)
Мен де бір бөлек ғаламмын
*****
Мен де бір бөлек ғаламмын,
Жарықтан күткен дәмем бар.
Аллаға сенген адаммын,
Болсам да қонақ, кәдем бар!
Келерде мынау Әлемге,
Шақыру билет алғам жоқ.
Алайда түсіп тәлейге,
Бақытсыз болып қалғам жоқ.
Қиянкес шақта сірескен,
Ғибратты сөзбен жұбанып.
Тіршілік үшін күресте,
Баптадым сәтті құба-құп.
Жарасар адам атына,
Көрмесем де ылғи сияпат.
Ұмтылдым баққа батына,
Сөзіме жалғап тиянақ.
Кесапат келсе шатыла,
Мұнарлы жанды шираттым.
Алланың аманатына,
Жасағым келмей -"қиянат"!
Жанар Ешназар
27/10/2021ж
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter