Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.11.2021
161

СЕНІ ОЙЛАҒЫМ КЕЛМЕЙДІ
Сені ойлағым келмейді мүлде-мүлде,
Теңесең де енді Айға, Күнге, гүлге.
Жүрексізсің,
Сезімсізсің,
Қаталсың де,
Қалағанша айыптай бер, мейлі тілде.
Қарашаның ызғарындай салқын жайым,
Жыламаймын, күлуге де талпынбаймын.
Түңілдірген сезімдерге тұтқындалып,
Бұрынғыдай өзің жоқта алқынбаймын.
Біз шырқайтын әнімізде қайырма жоқ,
Бол жанымда,
Болмасаң да айырма жоқ.
Біліп-білмей көп қалдырдың көңілімді,
Енді сені ойлайтұғын райым да жоқ.
Ызғар ескен жанда жылу бола-алмайды,
Аяласаң ғана сезім жоғалмайды.
Түсірген соң жүрекке мұң, сызат көптеп,
Үміт өшіп, жалын қайта оралмайды.
Жанар Ешназар
06/11/21ж
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇