Өлеңдер ✍️

  21.11.2021
  265


Автор: Кеңшілік Мырзабеков

Ұят та болса, уыздай қызға көз тастап

Ұят та болса, уыздай қызға көз тастап,
Күмілжіп қалдым, кете де жаздап сөз бастап.
Бір ыршып түскен көбелек сынды пәтшағар,
Қалпымды танып, қимылымды білген жазбастан.
– Бірдеңе, ағай, сұрамақ па едіңіз? – деді де,
Сұлулық сұмдық сиқыры сыйып денеме.
Не деген ақыл, не деген астар, неткен ой,
Аударып көзін көмкеріп дүние көгіне.
Тас мүсін болып жүрегім соқпай мен қалдым,
Мынау бір сурет – тылсым бір құдірет, таңғалдым.
Бәлкім мен мұны мың рет көрген шығармын,
Қасиетін бірақ ең тұңғыш рет аңғардым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу