Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.11.2021
219
Үркердей ауыл, үкідей шалғын айнала
Үркердей ауыл, үкідей шалғын айнала...
Үркеді бұлақ, жатады қырат ойлана.
Үрпісі иіп желіге жеткен жылқылар
Солықтап келіп сауырын созса жай ғана.
Сағатын шайқап жанаспақ болса жас құлын,
Сауыны жетіп шұлғыса қулық бастығып.
Мойылдай жанар мөлт еткен кезде шашырап,
Қайырып мойнын иіскеп тұрса хас түлік.
Бөгелек тиіп, бипаздап алып терісін,
Аңсаса әлгі отығып қайтқан өрісін.
Асығыс үйден жеңешем шықса желіге,
Жолшыбай шалғын жаласа қайыс кебісін.
Күрпілдеп көпсіп иіген кезде екі емшек,
Мезгілі өткен сауынның есесі өтелсе.
Қыр шөбі сіңген қымырандай қулық саумалы
Қолқаны кеулеп кенеттен жеңгем жөтелсе,
Жөпелдемеде сезімтал жылқы селт етіп,
Жиырылып қалып шап бауырын сәл-сәл көтерсе...
Кеңшілік Мырзабеков Кеңшілік Мырзабеков өлеңдері Кеңшілік Мырзабеков шығармашылығы Үркер ауыл Үкі Шалғын
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter