Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.11.2021
187

Тасым өрге домалайды, домалайды күрт төмен
Тасым өрге домалайды, домалайды күрт төмен,
Тасы өрге домаласа, тас боп қатып жұрт деген,
Әлін біліп әлденеден, әлібінен түртпеген.
Тасым өрге домалай гөр, домалай бер төменге,
Болмысымнан басқа бірақ бағынбаймын «өнерге».
Тентек тағдыр, құмарсың ғой тәлкектеуге адамды,
Бірақ сені өле-өлгенше ойнатпаспын төбемде.
Кеңшілік Мырзабеков Кеңшілік Мырзабеков өлеңдері Кеңшілік Мырзабеков шығармашылығы тас өрге домалау төмен тағдыр
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇