Өлеңдер ✍️

  21.11.2021
  198


Автор: Кеңшілік Мырзабеков

Мәуленов ақын мәуелі жырдың алқабы

Мәуленов ақын мәуелі жырдың алқабы,
Тойыңыз тойға ұласа берсін торқалы.
Әуенің сенің көлдердің күллі құйылысы,
Құйылысы көлдің шым тереңіне тартады.
Поэзия – аспан,
Сырбайдай нұрлардың бірі,
Поэзия – дала, Сырбайдай қырлардың бірі.
Біздің Торғайдың өзеніндей құрдымға құймай,
Құрлыққа құйған, жаса, Сырбайдың жыры!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу