Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.11.2021
184
Талантсың-ау, тентексің-ау, тектісің
(композитор Нұрғиса Тілендиевке)
Талантсың-ау, тентексің-ау, тектісің,
Сенің дағы зая кетті көп күшің...
Сырың бермей, сен де кәзір сыртыңа
Күлуге де, мұңаюға ептісің.
Өткен күнге ішің удай ашитын,
Жоқ па сәтің соны ойласаң жаситын?
Шын талантты жаратқанда табиғат,
Рахатын да бір жаратса, о, шіркін!
Кеңшілік Мырзабеков Кеңшілік Мырзабеков өлеңдері Кеңшілік Мырзабеков шығармашылығы талантты Нұрғиса Тілендиев композитор
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter