Өлеңдер ✍️

  21.11.2021
  167


Автор: Кеңшілік Мырзабеков

Жазады уақыт барлық жараны

Жазады уақыт барлық жараны,
Оң қараса егер тағдыр қабағы.
Табылар керең сордың да амалы,
Табылар терең ордың да амалы.
Табылар жерде қардың қалауы,
Табылар перде ардың бодауы.
Табылар қиық, табылар құрақ,
Құралып кетер жанның жамауы.
Табылар үміт, табылар күдік
Тағы да мүмкін алдыңды орауы!
Жарамды жалап жолбарыс-тағдыр
Тіміскілейді тарғыл танауы...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу