Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.11.2021
141
Ерте келген күз айы
Ерте келген күз айы – тың жыртқан жыл,
Ерте жинап жайлау ел, етек-жеңін.
Салқын бұлттың сезді ме мекер демін,
Сарқопаға айналып, малын жайып,
Сыналасып, лажсыз лекерлеуін...
Бұлт айналып бүйірден жетті-ау желіп,
Сәркіл жаңбыр селдетіп төкті-ау келіп.
Оймақ көлден ұшты әне он шақты құс
Оқтай түзу тізіліп оқтау болып..
Артта қалып жайдақ көл – туған лашық,
Құстар ұшты қанаты судан малшып.
Көкке қарап қыңсылап күрке алдында
Тұрды біздің көктемде туған қаншық.
Қорғасындай түйіліп екінді ауыр,
Киіз үйге арқан сап бекінді ауыл.
Құс семіріп, соңынан мал кеміріп,
Көл бойында күз бойы отырды ауыл.
Соңғы ұлпасын сар қамыс көлге ұрлатты,
Мойылдай көл шайқалмай мөлдір қапты.
Қоңданса енді қотыр қыр қазынасын
Қотармасқа қамданып сергек жатты.
Кеңшілік Мырзабеков Кеңшілік Мырзабеков өлеңдері Кеңшілік Мырзабеков шығармашылығы күз айы қара суық табиғат
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter