Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.11.2021
197

Бар еді бізде махаббат
Махаббат бізде бар емес пе еді дәл кеше,
Махаббат бізде бал емес пе еді дәл кеше?
Құлдырап қашқан құлын еді ғой махаббат,
Алпыс екі тамыр, жұлын еді ғой махаббат.
Қызғаныш еді қанталап көзі арландай,
Жұбаныш еді жарқырап түнде жанғандай.
Мүсәпір еді су кеткендейін мойнына,
Кісәпір еді тағына қайта қонғандай.
Аптапта тоңып, аязда терлеп жүретін
Бар еді бізде махаббат деген сормаңдай!
Кеңшілік Мырзабеков Кеңшілік Мырзабеков өлеңдері Кеңшілік Мырзабеков шығармашылығы махаббат сезім қызғаныш
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇