Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.11.2021
146
Арылу
Тәубаңа мені түсірші, Өмір,
Таупиық маған берсеңші!
Тазалығымды түсінсеңші, Өмір,
Сенбесе де ешкім, сен сенші!
Пәледен сақтар тұмар болсаңшы,
Еркіме көген, желі боп,
Ұрысып өзің тұрар болсаңшы,
Өлгің кеп жүр ме пері деп.
Мен дағы сені айырбастаман,
Алдыңнан әр кез табылам.
Қиналғанымда қарайласпаған
Өмірді бірақ не қылам?
Кеңшілік Мырзабеков Кеңшілік Мырзабеков өлеңдері Кеңшілік Мырзабеков шығармашылығы амал тәубе арылу өмір
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter