Әңгімелер ✍️
Адам және сенім
Барлық жаратылысты жоқтан бар етіп Аллаһ тағала жаратты. Аллаһ тағаладан өзгенің барлығы жаратылған – махлұқ ( мағнасы жаратылған). Аллаһ тағаланың жаратқандарының ішінде адам (әләйһиссәләм) жұма күні аср мен түннің арасында жаратылған ең соңғы да жаратылғандардың ішіндегі ең абзал, көркемі де. Аллаһ тағала адамды Өзінің жер бетіндегі өкілі етіп оған барлық нәрсенің есімдерін үйретіп, оның маңайындағы заттарды аты мен атай алатын, білім алатын қабілет берді.
Міне адамға Аллаһтың берген осы артықшылағымен періштелерден ерекшеленеді. Аллаһ адамға ақыл-ес беруімен қатар нәпсі берді. Әр заттың екі беті болатындай нәпсінің де екі беті бар, бірі жақсылық атаулыға құмарлық болса екінші келеңсіз жағы: тойымсыздығы, көрсе қызарлығы және қызғаншақтығы. Нәпсінің осындай жағымсыз жағы көп жағдайда адамды күнәға жетелеуші. Ақыл-ес білім беру арқалы Аллаһ адамға таңдау қасиетін қоса берді.Адам, қасиетті Құран кәрімнің Зәрият суресінің 56 аятында: «Жын мен адамды Өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым»- деп көрсеткен негізгі міндетін атқарып, арамнан қашып, адал жолмен жүреме. Әлде ақылын нәпсіге жеңдіріп арам мен адалды айырмай бейне малға ұқсап ойына келгенін істеп, күнәға барама.
Адамзатқа Әлемнің жаратушысы әрі әміршісі Аллаһ ақыл-ой, парасат беріп, өмір керуеніндегі барлық болмыстың ішінде ең жоғарғы сатыға көтерген жаратылысы. Оған, қайрымдылық, адалдық, мейрімділік, сүйіспеншілік, аяушылық тағы басқа көптеген ізгі сезімдер дарыған бірден бір мақұлық. Адамзаттың бойындағы нағыметтердің ең бір игіліктісі оған берілген сөйлеу қабылеті. Сөз өнерінің тура түсінігімен қоса оны талдап саралап тексерсең бір ғана сөздің тура мағынасынан басқа көптеген мәнді де, мағналары бар екеніне көз жеткіземіз. Мысал үшін бәрімізге белгілі де, түсінікті де тақуа сөзінің онтоғыз түрлі мән мағнасы бар екенін біріміз білсек екіншіміз білмейміз.
Ал енді Адам сөзін айтсақ, көз алдымызға күнделікті бірге жүріп бірге тұрған пенделерді елестетіп қана қойямыз. Ғалымдар Адам сөзіне өте үлкен мән мағна салынғандығын, және оның әрбір әрібінде терең тәрбиелік мағна жатқанын анықтаған. Араб әліпбиіне назар салсақ Адам сөзі үш әріптен тұрады. Олар: әліф, дәл, мим. Осы әріптердің әр қайсының жеке жеке мән мағнасын ғалымдар былайша саралайды: Әлиф-Әдеп, дәл-дін немесе діндәр, мим- мейрімділік деген мағна береді тұжырымына келген. Яғни А – әдепті, Д – діндәр, М – мейрімді тіршілік иесі деген түсінік шығады. Адам затқа ақыл еспен қоса өзінің қасиетті парызын атқару үшін, сенім мен ұят сезімін қоса берген. Жаратушыға деген шынайы сезім мен, ұят арамнан қорғап, адалға жол бастаушы.
Ойлап қарайықшы. Қай бір жақсы азаматты, адамгершілігі жоғары немесе нағыз адам, адамның баласы деп мақтап мақтан тұтамыз. Пендеге қаратылып айтылған барлық мадақ, мақтау сөздерінің барлығының түбірі адам сөзіне тіреледі. Атамыз қазақ баласына ат қойып айдар таққанда жақсы ат қоюға талпынған. Сол себептен де көптеген аттардың соңында: бек, хан, бай, мырза, жомарт, жалғаулары жалғанған. Не болмаса елге танымал сыйлы ғалымдардың, билердің, хандардың, асыл тастармен металлдың аттарын қойып атына заты сай болады деген тілек ниетте болған. Ел есінде болса ақ иық ақын Мұқтар Шақанұлының атын Мұқтар Әуезов сыяқты ұлағатты адам болсын деген арман ниетпен қойғанын ақын Мұқтардың өзінің өлеңінен білеміз. Міне негізі адам зат жаратылғанда оның негізіне ізгілік, мейрімділік, сүйіспеншілік, жалпылай айтсақ барлық жақсылық қоса салынған. Бұл жерде мен Жаратушы жалғыз иемізді атап айтпаған мен, бүкіл әлем деп атап танып жүрген болмысты да, оның бір кішкентай бөлшегі пендесін де жаратушыда, оған барлық нағыметтерді беруші де бір Аллаһ екенін біліп, түсініп отыр деп түсінгендіктен. Ал бір ізетті, игілікті, адамгершілігі жоғары, инабатты, ұлағатты, арсыз істерден әр қашан қашық жүретін пенделерді, сенімі берік жоғары, ұятты адамгершілігі жоғары – деп көпшілік халықтың жақсы лебізбен еске алуы осының бірден-бір мысалы.
Дегенмен өмірдегі бүкіл болмыс егіз екенін ескерсек адамзатқа тән жоғарыда көрсетілген ізгілік қасиеттерге қарама қарсы, қатыгездік, жауыздық, екіжүзділік, дүниеқоңыздылық, өтірікшілік, менмендік сияқты тағы көптеген жағымсыз қасиеттер де сол адамзаттың бойынан табылатындығы өмір шындығы. Міне адамзат қоғамы өзінің өмірге келгеннен бергі кезеңнің барлығында, Жаратушының, пенденің сана сезіміне, оны жаратқан да, болмысы мен бірге қалаған ізгілілікті, инәбаттылықты, адамгершілік қасиеттерді бойына терең сіңіріп, адам деген атқа жат сезім, қатыгездікті, өтірікті, жауыздықты, екіжүзділікті, қиянатшылдықты, болдырмау мақсатында әрдәйым ізденіс үстінде. Бұл салада кейбір қауым өзінің маңайындағылардан әлдеқайда озып, сол қоғамда өмір сүрген мүшелерінің санасына ізгілік сезімін ұялата білді.
Міне, осының салдарынан сол қоғамның көпшілік мүшелерін өздерінің бай – кедейлігіне қарамай бақытты сезінетін дәрежеге жеткізді. Бұл қоғамда өмір сүрген пенделердің басты артылықшылығы: маңайындағыларды күндемеу, көре алмаушылық сезімнен арылу, өзінің күнделікті нәпақасын адал еңбекпен табу. Пенде қандай бір нығыметке қол жеткізсе, алдымен Аллаһтың мейрімі мен бергені деп біліп, сонан соң өзінің адал еңбегі, ақыл ой парасатының, ұйымдастыру қаблетінің жоғарылығының ғана себебі екенін түсінуі. Басқаның иелігіндегі мүлікті заңсыз әрекетпен иемденумен емес.
Осы алдыңғы қатарда саналатын қоғамның бұл дәрежеге көтерілуіне не себеп болды деген заңды сұрақ туындайды. Менің пайымдауымша бұның бірден бір себебі сенім мен ұяттың адам санасына берік орналасуы. Бұл жерде сенім туралы сөз қозғап, Аллаһ қаласа ұят туралы да келешекте ой өрбітерміз. Сенімнің адамның іс-әрекетінде алатын орны өте жоғары. Олай деуге бірден бір жәйт, шынайы өмірде; әділдік, ізгілік, мейрімділік, адалдық бар деген сеніміндегілерді ол мақсатына жеткізеді. Ал қыяанатшылдар, алаяқтар зорлықшылдар парақорлар, ерте ме кешпе бір жауапкершіліке тартылады сенімі ұяаласа, әрине бұндай адам адамгершілікке жат қылыққа баруы екі талай. Ал санасына істеген қылмысына жауап бермеймін сенімі ұяалағандар, әрбір оңтайлы жағдайда өзінің нәпсісінің жетегіне еріп нәпсінің қалауын орындау үшін қандайбір сорақылық қылмыстарға баруы да қалыпты жағдай.
Қанша көпшілік санасына қонымды екенін қайдам мен өз басым сенім екі түрлі деп түсінемін. Бірінші уақытша яғни тұрақсыз сенім, ол қолында билігі барға, жоғары лауазмм иелеріне, байлығына-берген парасына сеніу. Екіншісі тұрақты қандай жағдайда болмасын, адамзат қандай қоғамдық формацияда өмір сүрмесін, ол қоғамдық формацияны кім басқармасын өзгермейтін бір Аллаһқа сенім – Иман. Уақытша сенімнің өмірде көп тараған түрі басшыға – қолдаушысына, байлығына сеніп сол құтқарады деп оның нұсқауы мен не онсыз, байлығыммен сатып алып құтыламын деп неше түрлі жүгенсіздіктерге бару. Немесе сенгенім мықты деп өз істеген теріс іс әрекетіне еш қашан жауап бермейтіндігіне сену. Заңсыздық, парақорлық, жақынын жақтап жатты сыртқа теуіп дұрыс істі теріске шығаратын туғансыз тура билер жоқ, туғаны көп имансыз билер мен әкімдер жайлаған елде уақытша сеніммен күн көретіндердің қолы жүріп, тасы өрге домалайды. Бірақ бұл уақытша ғана, өмірде ерте ме кеш пе дұрыстық жеңетіні, бұндайлардың ойына кіріпте шықпайды.
Міне бұл сенім адамзатты жауыздыққа жетелеп құздан құлауға апаратын «жардан жығатын» сенім. Не болмаса адамзат өзінің теріс іс әрекетін өзінен басқа ешбір жан білмейді. Заң алдында халық алдында жауап бермеймін деген алдамшы сенім. Әрине адалдықты, жауапкершілікті сезінбейтін қоғамда жауыздықта, жемқорлықта, арамдықта бір сөзбен айтсақ азғындық өркендеп, сол қоғамның азшылығынан басқасы теріс әрекетке бой ұрған жағдайда, бүкіл заң бұзушыларды ұстап заң жолы мен жауапқа тарту мүмкін болмайды. Қылмыскерлер мыңдаған болса қолға түсетіндер ондаған кей жағдайда қолға түскендерінің өзі қылмыс жайлаған қағамның жең ұшынан жалғасқан қылмыскерлерінің көмегі мен құтылып кетіп жататын да жағдайлары болады. Міне қылмыс жасаушы әр уақытта өзін ұсталмайтындардың, не болмаса басқа әлділердің көмегі мен құтылатындар қатарында санайды. Сондықтан да қылмыс азаймайды.
Сенімнің екінші түрі тұрақты сенім. Тұрақты сенім дегеніміз сен өзіңнің игі істерің үшін ерте ме кеш пе марапатталатындығыңа. ал жасаған қылмыс, жауыздықтарың үшін әйтеуір бір жазаланатыныңа сену. Яғни жасаған жамандықтарыңның азабын тартатындығына сену. Міне мұндай жағдайда бір сәттік қызық үшін ертең тартатын азабын ойлаған адам қылмысқа- күнәға бара бермейді, өйткені оны ертеңгі жауапкершілік тежеп, ойлан- ойлан деп ақылға шақырады.
Адамзат осы әлемде ақыл-ой, парасат нағыметіне ие болған бірден-бір тіршілік иесі бола тұра, екінші бір қасиетке де ие. Ақыл ой, парасаттылыққа қарама қарсы адамға нәпсіні қоса берген. Нәпсі өзінің болмысында өте тойымсыз, нысапсыз, болдым, тойдым, барға қанат деген ұғым бұл сезімге жат. Соның үшін де, жүрек ақыл арқалы әрбір минут, секунт сайын нәпсінің амалын қадағалап, теріс амалдардан тиып, дұрыс амалдарға бағыттап отыруға тиіс. Егер нәпсі бір сәт болса да ақылдың тарапынан бақылаусыз қалса, адамзатың адами қадір қасиетіен айрылып, барлық өмір бойы жиған абройының айрандай төгілуі бір ғана қас қағым сәт. Нәпсінің де әрбір болмыс сияқты екі беті бар. Нәпсінің адамды жақсы игі істер мен амалдарға бастайтынын да ұмытпауымыз керек. Егер нәпсінің құмарлығы білімге, өнерге жақсы амалдарды іске асыруға бағытталса. Әрине білімді, өнерді, игі істерді адамзат әлемге жақсылық шуағын әкелу үшін үйреніп, сол мақсатқа пайдаланса. Егер сол нәпсінің жетегімен білімнің, өнердің, байлықтың шыңына шыққан пенде ол нығметтерді тек жеке басының игілігіне ғана пайдаланса, бұндай жағдайда әрине нәпсінің жамандық жағына бұрылғаны. Нәпсінің адамды жаманшылыққа ұрындыратын жағын қысқаша пайымдасақ. Нәпсі тойымсыз неге, өмірде кездескен бұрынды соңғы өмір сүрген мол мүлікке ие болғандардың ілу де шалуы болмаса көпшілігі баи берсем, баи берсем деген ниетпен өмір сүріп, байлығын еселеп көбейту жолында неше түрлі адам естіп білмеген қулық сұмдыққа, озса адам өлтіруге, қалса неше түрлі айла-шарғы мен бөтеннің мүлкін заңсыз иеленуге барады. Болмаса өзінің атақ мансабын көтеру үшін, жағымпаздық, өтірік-өсек, пара-алу, беру, тағысын тағы толып жатқан сорақылықтар жасайды. Міне нәпсінің тойымсыздығының бір мысалы. Сол сияқты адам қызыққа да, қуанышқа да, сұлулыққа да, сыйлыққа да, марапатқа да тоймайды. Маңайындағылардың асыра мақтауы мен жөнсіз қолпаштауы пенденің өзіне деген жалған сенім, ешқашан қателеспеймін деген сезімді қалыптастырып, мен-мендікке, маңайында болып жатқан алғашқыда аздаған келеңсіздікке көңіл аудармауға. Келе келе «көрмес түйені де көрместікке» алып келіп, тау құласа да байқамайтын жағдайға әкеледі. Осы тойымсыздық бір күн болмаса, бір күні орға жығадының кері осыдан келеді. Нәпсіні бақылаусыз қалдырған жүрек-ақыл, оған арам мен адал ұғымдарының толық ара жігін айрып дұрыс бағыт бағдар бере алмайды. Осыдан да нәпсі ақылдаң шектеуінен шығып, өзінің қанағатсыздық қасиетіне жол ашып, неше түрлі масқаралыққа жетелейді.
Адал мен арам ұғымы өте кең ауқымды түсінік. Егер адал мен арам ұғымының мәні мен мағнасына тереңірек зер салсақ, адал ұғымы, адам өмірінде кездесетін бүкіл болмыс пен амалдар адам ағзасына, күнделікті өмір сүру ырғағына, пайдалысы. Ал кейбіреулері керісінше адам ағзасына күнделікті тұрмыс ырғағына зианын, кері әсерін тигізетіндері харам ұғымында топтасқан. Аққан қан, бауыздалмаған, арам өлген малдың еті арам. Ғалымдар бауыздалмаған, бисмиллә айтылмай бауыздалған және бисмиллә айтылып бауыздалып, сойылған малдардың етін сараптағанда: ең таза бисмилә айтылып бауыздалған малдікі, одан нашарлауы бисмиллә айтылмай бауыздалғанынікі, сапасының ең төмені бауыздалмаған малдың еті екенін анықтаан. Ағзадағы бауыр қанды зианды заттан тазалап өзінен өткізгеннен кейін қан капиларлар арқалы етке тазарып сіңеді. Яғни, бауырдан өтпеген бауыздау қан таза емес. Бауыздалмаған малдың бауыздау қаны малдың сіңді. Ал бисмилләһ айтылмай бауыздалған малдың қаны толық ақпады. Соның салдарынан қан сыртқа толық ақпай қалғандықтан, еті ойдағыдай тазармады. Ал бисмилләһ айтып бауыздалған малдың еті таза. Өйткені бауыздау қан толық сыртқа ақты, етке зианды заттардан тазарған қан сіңді.Темекі осы кейінге дейін арам қатарында болмады. Себебі темекінің адам ағзасына тигізетін зианы толық анықталмаған еді. Бүгінгі таңда ғылым темекінің зиянын ғылыми түрде дәлелдегеннен кейін ғалымдар темекіні арам қатарына жатқызып фәтуа шығарды. Айта берсе мұндай мысалдар өте көп бірақ онымен уақыт алу керексіз сыяқты. Арақтың, құмар ойындар ойнаудың қандай зяаны бар екенін айтпаса да болады. Себебі оны бесіктегі балада біледі. Сондықтан қашан арам жөнінде сөз қозғалса біз өзімізге зянды зат туралы айтылғанын айтпай ақ білуіміз керек. Бұл түсінік тек тағамға ғана қатысты емес, өмірде кездесетін адамның барлық амалына қатысты ұғым. Сіздің күнделікті істеп жүрген кәсібіңіздің де, ішіп жеп жүрген тағамыңыздың да, киіп жүрген киміңіздің де, күнделікті тұрып жатқан бас панаңыз үйіңіздің де, пайдаланып жүрген мүлкіңіздің де, адал астың да, күнделікті жасап кәсіп қылып жүрген сауда саттығыңыздың да, тіпті сөйлеген сөзіңнің де, көрген нәрселеріңнің де арам адалы болады. Егер сіз адал еңбекпен маңдай теріңізді төгіп табыс тауып өмір сүрсеңіз бұл еңбек адал, сол тапқан табысыңа сатып алған азық түлік, дүние мүлкің адал. Егер сіз күнделікті кәсібіңізде табысты алдау- арбау мен тапсаңыз, айталық жалған кәсіп орнын ашып, шет мемлекетке тауар жөнелтілгендігі туралы жалған құжаттар толтырып мемлекеттен миллиондаған сом қосымша құн салығын қайтарып алып пайдалансаң бұл арам табыс. Осы ақшаға сатылып алынған бүкіл мал мүлік арам. Болмаса сіз сауда жасап кәсіп істейсіз. Сатқан мүлкіңіздің кей біреуінде кемістігі-міні бар еді. Мысал үшін базарға сатуға бұзаулайтын сиыр апардыңыз. Сататын малыңыздың бір емшегі кеткен кем, соның әсерінен сүті де аз. Алушының алатын затының дұрыстығын тексеруіне мүмкіндігі жоқ. Себебі сиыр сауылып тұрған мал емес. Сатып алатын адамның сіздің сөзіңізге сенгеннен басқа мүмкіндігі жоқ. Егер сіз сыйрыңыздың бір емшегінің кем екендігін айтып сатсаңыз, саудаңыз адал. Ал малыңыздың кемшілігін жасырсаңыз бұл саудадан түскен түсім арам, себебі алдап, жалған сөйлеп пайда таптыңыз.
Ұлық имам, имам Мағзам Абу Ханифа дәулетті отбасынан шыққан сауда мен айналысатын. Бірде сатуға тауар жөнелтіпті. Тауардың ішінде тігуінде кемшілігі бар киім болған. Сатушыға тауарды босатып тұрып, арнайы тапсырып тігісінде кінәраті бар бұйымды көрсетіп, бұл кінәратты бұйым сатыла қалса, сатып алушыға тауардың кінәрәтін көрсетіп, ескерт деп қатты тапсырады. Сатуға шығарылған зат, тез сатылып, қайтып келген сатушыға, Абу Ханифаның, алғашқы сұрағы сатып алушыға бұйымның кемшілігін айттың ба? Болыпты. Тауарды сатуға апарған адам ақталып, «Тауардың тез сатылғаны соншалық, сатқан затымның кемшілігін айтуды ұмытып кеттім» дегеніне: «Бұл сатылған заттан маған арам пайда кірді соның үшін менің оны пайдалануым арам болады» деп, сол жолғы саудадан түскен түсімді тегіс кәріп- қасерге таратып жіберген.
Біз жоғарыда адалдың арам болатын жағдайы да болады дедік. Төрт түлік малдың еті адал. Бірақ сол мал бауыздалмай арам өлсе, не болмаса Алладан басқаның атына арналып сойылса ол малдың еті арам болады, яғни адалдың арам болуы дегеніміз осы сяқты. Адалдың адалдығын дәлелдеу деген түсінік бар. Мысал үшін біздің еліміз көп мөлшерде шет елден құс етін сатып алады. Оларды ол жақта қандай жағдайда сойып тәрбиелейді ол жағы бізге беймәлім. Бірақ сол құс еттерін салған қораптың кей біреуінің сыртында «адал» деген жазуы болады. Ол жазуды оқуға барлық сатып алушылардың мүмкіндігі бола бермейді. Енді құс етінің адалдығын тек қана сатушы ғана айырып бере алады. Соның үшін сатушыдан сатып тұрған құс еті адал ма деген сұрақ қойып, егер сатушы құс етінің адалдығына куәлік берсе адалдың адалдығы анықталған болып саналады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter