Шығармалар ✍️
Қазағымның екінші президенті жасасын!
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 1953 жылы 17-ші мамырда Алматы қаласында туған. Жастайынан зерек болып өскен қазағымның қазіргі президенті өзінің еңбекқорлығымен, отан сүйгіштігімен көзге түсіп, биік белестерге сатылап, елінің, халқының көңілінен шығып, биік шыңды бағындыра білді. Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, жүзінде нұр ойнаған, өз ісінің нағыз шеберіне айналған, елін, жерін сүйетін, ақ адал жүрегімен халқын баурап алған, елі мұңайса мұңайып, елі қуанса қуанар жан, бәйгеге отандастары шығатын болса үйде отырып тақымын қысатын біздің президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының еліміз үшін жасаған еңбектерін айтып бітіру мүмкін емес. Елбасының жұмысын әрі қарай жалғап, ел теңдігін, ел бірлігін сақтап отырған президентімізге айтар алғысымыз көп. Расында да ел тізгінін ұстап, ел теңдігін сақтап, абыроймен қызмет ету екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс екені айтпаса да белгілі. Таразының екі жағын теңдей ұстап отыру қиынның қиыны екені сөзсіз.
Саяси ғылымдар доктыры, Қазақстан, еліміздің бұрынғы премьер-министрі, Қазақстан Республикасы Сенатының Төрағасы, 2019 жылдың 20-сыншы наурызынан бастап еліміздің президенті болған Қасым-Жомарт Кемелұлының елімізге сіңген еңбегі зор деп сеніммен айта аламын... Өйткені, президентті — елім деп соққан жүрегі бар, бар жақсыны арнайтын тілегі бар, елім дейтін, жерім дейтін патриот сезімі бар өз ісін аса ұқыптылықпен атқарып жүрген нағыз көшбасшымыз деп білем.
Өмір жолында аянбай еңбек етіп, түрлі марапаттарға ие болған президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының әлі де қазақ елін жақсылыққа бастап, биіктерге жетелейді деп айта аламыз. Себебі, президентіміз көшбасшылық жолда аянбай еңбек етіп, ел үмітін ақтап отырған жан.
Елі үшін маңдай терін төгіп, жері үшін, болашағы үшін алаңдап жүрген президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлына әрбір ісіңіз оңынан болып, амандықта еліңіздің сүйіспеншілігіне бөленіп жүре беріңіз дегіміз келеді.
Қазақ елі, қазақ жері жасасын! Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы жасасын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter