16.11.2021
  167


Адамгершілік-асыл қасиет

Адамгершілік-адам бойындағы ең құнды,асыл қасиеттердің жиынтығы."Мейірімділік","Ізеттілік","Кішіпейілділік","Имандылық"атты ұғыммен тұспа-тұс.Адамгершілік сөзін естігенде көз алдымызға: қиналған адамдардан көмегін аямайтын, өзге адамдардың жетістігіне шынайы қуана білетін, ешкімнің ала жібін аттамайтын, жанашырлық танытатын жылы жүзді жандар елестейді.Мұндай адамдар отбасында,мектепте,кез-келген қоғамдық ортаға үлгі болады.Бойында адамгершілігі бар адам-Алланы танитын, көкірегінде иманы бар жан.Бұл қасиет біздің бойымызда бала кезден бастап дамиды.Дана халқымыз "Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады,ол үлкен ағаш болғанда,оны түзете алмайсың",-деп бекер айтпапты.Сол себепті баланың бойына жастайынан "Ізгілік" "Мейірімділік" "Қайырымдылық" яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп өсіру қажет.Адамның адамшылығы, бойында жақсы қасиеттердің болуы жанұяға, өскен ортасына тікелей байланысты.Өмір сүріп жатқан орта қандай болса,адам болмысы сол жаққа қарай бағытталады.Қазіргі таңда уақыт талабынан туындап жатқан келеңсіз жағдайларға қарап, мынадай ой түюге болады.Адам бойында жақсы қасиеттер көп болса,, оған бақ та, бақыт та қонады.Жақсы мінез- құлықтарды өн бойына жиса-міне- адамдықтың болғаны.Тұла бойымыздағы адами қалыпты биік ұстау-кімге де болса үлкен сын."Адамгершілік"деген асыл қасиетті аласартып алмасақ екен.Өмір өзегі де осы, азаматтық жол да осы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу