Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.11.2021
195
Алатаудың басына бір шөкім бұлт
Алатаудың басына бір шөкім бұлт
Қайдан ғана ойнақтап шыға келді?
Ұлы адамға оралған мұң секілді
Тарқатылып түбіттей тұнады енді.
Бір шөкім бұлт таралып, тарамдалып,
Ордаланып, орнығып, орамдалып,
Қарлы боран немесе қара нөсер
Құяды-ай кеп, құяды содан барып.
Тау етегі содан соң бір сілкініп,
Басталады басқана бір тіршілік.
Тау екеш тау қайтсін-ай, айналасын
Көгертеді басынан бұлтын сығып.
Алатаудың басына бір шөкім бұлт
Шыға келіп шұбайды қау секілді.
Ұлы адамға оралған мұң секілді,
Мұңсыз адам бұлты жоқ тау секілді...
Кеңшілік Мырзабеков Кеңшілік Мырзабеков өлеңдері Кеңшілік Мырзабеков шығармашылығы Алатау бір шөкім бұлт
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter