Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.11.2021
191
![](/uploads/shorttexts/author_image/unnamed-7[2].jpg)
Заман бізге
Заман бізге,
Біз заманға
Берешек те,
Алашақ.
Бермеген де,
Алмаған да,
Асар бастан санасақ.
Соның бәрі
Ағымдағы
Күйбең болып кетер ме?!
Өмір сүрдік,
Іс тындырдық
Дерміз онда бекерге.
Заман – бізге,
Біз – заманға
Берейік те алайық.
Атақ-мансап,
Саудадан сақ,
Бір қасиет табайық!
Кеңшілік Мырзабеков Кеңшілік Мырзабеков өлеңдері Кеңшілік Мырзабеков шығармашылығы заман өмір қасиет
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇