Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.11.2021
207

Япырмай, уақыт деген осы екен ғой
Япырмай, уақыт деген осы екен ғой,
Балыңа, балаусаңа өш екен ғой.
Балалық – жалғыз бақыт...
Қалған ғұмыр
Балалықпен тайталас, бәсекең ғой.
Балалық тәтті елес қой, тәтті түс қой,
(Түс екеш түстің өзі қақтығыс қой).
Балалық – бейкүнә сәт, періште сәт,
Алғашқы және ақырғы ақтық іс қой.
Аңғармай алақаннан шашып алған
Бір уыс балалығың ақ күміс қой...
Сол күміс жылт-жылт етсе кейде бізге,
Үміттің желкені етіп келеміз бе?!
Қалмаса қорқынышты-ау бала күннің
Бір елес – бір белгісі денемізде.
Кеңшілік Мырзабеков Кеңшілік Мырзабеков өлеңдері Кеңшілік Мырзабеков шығармашылығы уақыт үміт ғұмыр балалық
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇