Өлеңдер ✍️

  16.11.2021
  200


Автор: Гульнази Назарова

Қорағаты өзені

Қорағаты өзені, ойыма көп түседі,
Балық аулап, балалар айдынында жүзеді.
Қыз-келіншек жиналып кір жуатын,
Қандай қызық ұмытылмас кез еді.

"Сенің келіп жағаңнан
Анам талай су алған.
Сенің келіп жағаңа
Әкем атын суарған" ,
Еске аламын сағынышпен
Анам талай әндеткен.

Енді міне кез келді,
Еске алатын сол кезді.
Қайта-қайта қайталап,
Айта бергім келеді.

Қорағаты өзені, көңілімді бөледі,
Көз алдыма сағым болып келеді.
Балалықтың қимас қызық сәттері,
Жағасында асыр сап, ойнаған кездерді.

Шуы мен сән кеткен,
Барлығы да заманға қарай өзгерген.
Суы да оның азайған,
Қамыс, құрақ жағаңда,
Керемет қой иісі аңқыған,
"Қош иіс " тек тән саған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу