Әңгімелер ✍️
Ердоған Түркияның қорғаныс өнеркәсібіндегі табыстарына тоқталды
Түркия қорғаныс өнеркәсібінде ірі державалардың біріне айналды. Бұл туралы 14 қарашада Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ыстамбұлдағы Конгресс орталығында «Мемур-Сен» кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған шарада мәлімдеді.
«Қорғаныс өнеркәсібі саласында Түркияны тәуелді жағдайға қоюға тырысқан орталардың талпыныстарына қарамастан, Түркия ірі державалардың біріне айналды», - айтты Түркия президенті.
Мемлекет басшысы Түркияның қорғаныс өнеркәсібінің дамуын жоғары бағалайтынын айтты.
13 қарашада Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған журналистерге Еуропаны Азиямен байланыстыратын Дарданел арқылы өтетін аспалы көпірдің қарқынды дамып келе жатқан Түркияның тағы бір брендіне айналатынын айтты.
Айта кету керек, 2003-2014 жылдың 15 наурызы аралығында премьер-министр қызметіне кіріскен Режеп Тайып Ердоған аз уақыт ішінде жанды және үздіксіз дамып келе жатқан Түркия мұраты бар көптеген өмірлік маңызды реформалар пакетін жүзеге асырды. Батыс жетекшілері «тыныш революция» деп атайтын оқиғаның басы.
Демократияландыру, ашықтық және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында үлкен қадамдар жасалды. Осымен қатар дұрыс қадамдардың арқасында түрік экономикасы жақсарып, мемлекеттік несиелердің пайыздық мөлшерлемесі төмендетіліп, жан басына шаққандағы ұлттық табыстың айтарлықтай өсуіне қол жеткізілді.
Ердоған бұрын-соңды түрік тарихында болмаған инфрақұрылым, көлік, коммуникация, білім, экономика және адам құқықтары салаларына көптеген инвестиция салуға мұрындық болды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter