12.11.2021
  615


Автор: Жібек Ысқақова

Тәуелсіздік 30 жыл туралы эссе

   Тәуелсіздік қазақтығымның айнасы. Тәуелсіздіктің арқасында қазақ елін, қазақ жерін бүкіл әлем таныды деп сеніммен айта аламыз. Өйткені, тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері бодандықтан арылып, өз заңымыз күшіне еніп, өз ата салтымыз жанданып, тіліміздің мәртебесі көтерілгені баршаға аян.
«…Тәуелсiздiк – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетiн арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты» — дейді, Елбасымыз. Әрине, тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қаншама қан төгілді десеңізші. Әсіресе, 1986 жылғы, желтоқсан оқиғасын еске алсақ жанымыз ауырып, жүрегіміз сыздайтыны айтпасақта түсінікті. Сол желтоқсаншы жастардың арқасында еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, азат күннің ақ таңын қарсы алуда. Міне, биыл, еліміздің тәуелсіздігіне — 30 жыл толып отыр. Бұл 30 жылда еліміз жанданып, бүкіл әлем танып отыр. Бұл әрине сыйластығы мол халық пен еліміздің бірінші президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Елбасының арқасы деп білемін.
Желтоқсаншы жастардың жанымен келген, Қайрат, Ләззат, Сәбиралардың қанымен келген тәуелсіздіктің 30 жылдығы құтты болсын! Тәуелсіздігіміз мәңгілік болып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу