Өлеңдер ✍️

  11.11.2021
  171


Автор: Кеңшілік Мырзабеков

Жалбыз туралы жыр

Екеуміз сол көктемді сағынармыз,
Сағыныш – сары бояу, қанығармыз.
Сарыөзек сайға шығып, қайда құрып
Кетті екен, қаймағы іріп сары жалбыз?
Қаймақтай қайран жалбыз көз суырып,
Көп еді соған құмар ессіз үміт.
Әрлі еді, әсерлі еді, әдемі еді,
Мен содан аман қалдым тез суынып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу