Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.11.2021
156
![](/uploads/shorttexts/author_image/unnamed-7[2].jpg)
Япыр-ай, біздер тірлікте қандай қаталмыз
Япыр-ай, біздер тірлікте қандай қаталмыз.
Қағысамыз да, шабысамыз да жатамыз.
Даулассақ, жеңсек,
Жауласақ, жықсақ мәз болып,
Жеңілсек егер, жығылсақ егер қапамыз.
Сен жеңдің дейік.
Жарайды, ал мен жығылдым.
Керісінше болса, онда мен сенен мығыммын.
Ал сонда осы пайдасы бар ма жеңістің
Абыройы үшін Адамзат тұрған тұғырдың?
Япыр-ай, біздер жұмсақпыз, қандай мейірбан,
Жығылсақ егер тағдырдан, тентек зайырдан.
...Біреуді жеңсем пенделік қой деп ойлаймын,
Жеңілу түгіл, жеңістен ауыз шайылған.
Кеңшілік Мырзабеков Дауласу жауласу жеңу мәз болу Кеңшілік Мырзабеков өлеңдері Кеңшілік Мырзабеков шығармашылығы тіршілік
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter