Өлеңдер ✍️

  11.11.2021
  1341


Автор: Жібек Ысқақова

Колледж бітіруші студентке ұлыма тілек

Арман қуып колледжге түскен ұлым,
Колледжді де бітірдің міне бүгін.
Құтты болсын қуанышың құлыным-ау,
Қуанта берсін шаттықта әрбір күнін.

Асқарларды бағындыр, тек қана алға,
Ұлым менің күтсін сені бақыт алда.
Бақыт құсың самғатып бар әлемге,
Күндей болып күлімдеп, болғын алда.

Алған білім жемісін бере берсін,
Бар жақсылық соңыңнан ере берсін.
Алла өзі жар болып ұлым саған,
Күш, қуатын өзіңе тере берсін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу