Өлеңдер ✍️

  08.11.2021
  4336


Автор: Жібек Ысқақова

ІНІМ: 33 жас туған күніңмен құттықтаймын

Жан бауырым,
Көп болсыншы қуанышқа таң қалуың.
Отыз үш жас сыйласын бақыт саған,
Елден ерек, мейірімді жан бауырым.

Отыз үшің,
Сыйласыншы күндердің көңілдісін.
Абыройың асқақтап биіктей бер,
Сәттілікте жалғасып әрбір ісің.

Бауырым сен,
Шуақ шашар күндейін жарығым сен.
Бақытты бол тілерім бір өзіңе,
Бар бақытқа кенелесің күле білсең.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу