Өлеңдер ✍️

  08.11.2021
  1228


Автор: Жібек Ысқақова

31 жас ағама туған күніңмен құттықтау тілек

Жарқыраған жұлыздай дарасың сен,
Дауылдарда қорғаным, панасың сен.
Жанашырым, менімен бір болатын,
Жүрегі алтын ерекше ағасың сен.

Отыз бір жас есік ашты ағатайым,
Құтты болсын бүгінгі туған күнің.
Сәттілікте қуантып асыл аға,
Амандықта өте берсін әрбір күнің.

Қуанышың шаттығың ортаймасын,
Көңіл гүлің солмасын, қартаймасын.
Жастан жасқа жан аға жетіп әркез,
Басыңыздан ешқашан бақ таймасын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу