08.11.2021
2090
31 жасқа, қызыма туған күнге тілек
Айым, күнім, жұлдызым жарқыраған,
Күліп жүрсең жан қызым бақыт маған.
Құтты болсын отыз бір жасың келді,
Шын жүректен құттықтайды сені анаң.
Жүзіңнен күлкі кетпесін жарық күнім,
Құтты болсын бал қызым туған күнің.
Бар жақсыны тілеймін бір өзіңе,
Қуанышта өтсін деп әрбір күнің.
Нұрлы жүзің мұңаймасын, күлімдесін,
Бұл өмірдің сындары білінбесін.
Жаңа жасың бар бақытын сыйлап саған,
Сәтсіздіктер терезеңнен үңілмесін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter