07.11.2021
  169


Автор: YOUTUBE КАНАЛҒА 100 ИДЕЯ

Қандай тақырыптарды таңдамаған немесе абайлап таңдаған дұрыс?

Сонымен, біз YouTube арнасында нені түсіруге болатынын және не түсіру керек екендігі туралы әңгімелестік. Енді аулақ болу керек тақырыптар туралы бір-екі сөз айта кетсем.



  1. Тізесі шыққан тематикалар. YouTube - та конкуренциясы өте көп және мыңдаған блогерлар алай да былай да видео түсіріп тастаған тематикалар бар. Мысалы, аспаздық. Егер сіз борщты қалай жасау керектігі туралы миллионыншы видеоны түсірсеңіз, ол ешкімге қызық болмауы мүмкін, өйткені бұл тематикада уже өз жұлдыздары мен көшбасшылары бар. Егер сіз дәл осындай бағытты таңдауға шешім қабылдасаңыз, онда сізге басқалардан екрекше контент жасау керек. Мысалы менің мамамның каналында борщ жасау рецепті болды, бірақ обычный борщ емес, бешбармақтан қалған еттен жасалынатын борщ рецепті. Осылайша біз басқа каналдардан ерекшелене алдық. Уақыт өте келе бастапқы аудитория жинап калғаннан кейін, кең ауқымды аудиторияға арнап роликтар түсіре беруге болады.


 



  1. Монетизацияланбайтын. Егер сіз өз арнаңызда ақша табуды жоспарласаңыз, онда монетизация - бұл сіз камераны қоспас бұрын ойлануыңыз керек зат. Қарапайым тілмен айтқанда, өзіңізден: «көрермендер менен қандай өнімді сатып алғысы келеді және қандай жарнамаларды көргісі келеді?» деп сұраңыз. 


Арнадан табыс табудың бірнеше әдісі бар: YouTube жарнамасы, сыртан сатып алынатын жарнама, партнерские ссылки (мысалы белгілі бір продукттың ссылкасын описаниеге қойып қоясыз, сосын көрермендер сол продуктты алса, сізге процент түсіп отырады) және өзіңіздің курстарыңызды немесе басқа инфорпродукттарды сату. Монетизациялауға оңай нишалар бар – гаджеттерге обзорлар сияқты, сонымен қатар өте қиындары бар. Мысалы, поэзия туралы арналар. Бірақ ондай каналдар үшін де бірнәрсе ойлап табуға болады. Мысалы мәнерлеп оқу бойынша курстар.



  1. Тым кең немесе тар тематикалар. Бұл параметр сіздің көрерменіңізді дәл табу үшін маңызды. Мысалы барлық рецепттер өте кең тақырып сияқты. Егер сіз кішкене теманы тарылтып, бойдақтарға арналған жылдам рецепттер, 5 минутта жасалатын таңғы астар деген сияқты видеолардан бастасаңыз, онда сіз сол аудитория арасында тезірек алға басасыз. Әрі қарай бастапқы аудитория жинап алғаннан кейін теманы кеңейте бересіз. Сонымен бірге тақырып тым нақты, тым тар тақырып таңдамаған дұрыс. Өйткені тым тар тақырып таңдайтын болсаңыз, идея мен аудиторияның саны да айтарлықтай азаяды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу