Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.11.2021
219
Он сегіз жасар құралай
Он сегіз жасар қыз едің
Он сегіз жасар өрімдей.
Ойда жоқта бой түзедің,
Қайда жүр едің көрінбей?..
Махаббат дейтін ауылға
Салған жоқ па едің ат-көлік?
Мап-майда жазғы жауынға
Көрген жоқ па едің тап болып?
Қараған көзді қандырмай,
Жандырмай кетпес қалқа қыз.
Қанатымызды талдырмай,
Қасыңа жақын қондырмай,
Қосылар ма екен ортамыз?..
Он сегіз жасар құралай,
Салқының түссе – өрерсің.
Ызғарына да шыдамай,
Ызғытып тұрып желерсің.
Ылдидан ырғып, белге өтіп,
Ылғи да, ылғи желдетіп,
Туған жеріңнің жүргенде
Төбелеріне төрлетіп,
Құмай қуса – құсасыз,
Тап бола көрме төбетке
Жіліншігіңе жел бекіп.
Кеңшілік Мырзабеков Кеңшілік Мырзабеков шығармашылығы Кеңшілік Мырзабеков өлеңдері он сегіз жас Құралай
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter