Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.11.2021
121
Ақ шаңдай артта шұбап қалған жылдар
Ақ шаңдай артта шұбап қалған жылдар,
Ақшамдай іңіріме жалғандыңдар.
Мехнаты жарық боп жанған жылдар,
Махаббаты қарық боп қалған жылдар.
Жылдар, жылдар...
Артымда, алдымда жыл,
Ширек сапар шиырлап қалдым қазір.
Шабандарға бұйрық іс – бүлкіл аяң,
Жараулардың жүйрігі алдымда жүр.
Көрер жарық жыл болып жетеледі,
Нелер налып, намысым от өреді.
Жолдарымның жап-жақын төтелері
Арман дейтін аруға некеледі.
Жүргем жолды өрде де, ылдида да,
Күндер болды малтыққан, құлдилаған.
Жалғыз ауыз жыр болып қалар ма екен
Жаһұт дүнием мен талай жыл жинаған?!
Кеңшілік Мырзабеков Кеңшілік Мырзабеков өлеңдері Кеңшілік Мырзабеков шығармашылығы ақ шаң жыл өткен жыл
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter