Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.11.2021
1911

Тәуелсізбіз, отыз жыл!
Тәуелсіздік — соғып тұрған жүрегім,
Сен бар жерде азаттық бар білемін.
Сүрінсем мен абайсызда жығылып,
Тәуелсіздік — қуат берер тірегім.
Қайрат, Ләззат, Сабираның үні бар,
Азаттықтың ұмытылмас жыры бар.
Тәуелсізбіз, азат елміз — отыз жыл,
Біздер үшін айнымайтын құны бар.
«Отыз жылдық» мерекең құтты болсын,
Қаны таза, жаны таза қазағым!
Желтоқсаншы жастар бастан кешірген,
Ендігәрі болмасын ондай азабың!
тәуелсіздік 30 жыл Азат Ел тәуелсіздік 30 жыл тәуелсіздікке 30 жыл тәуелсіздік 30 жылдық 16 желтоқсан тәуелсіздік күні
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇