Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.11.2021
162
Жетім торғай
Март айы, жердің беті жылып болмай,
Кәрлі қыс қайта түсті,
Суық қандай!
Жаһаннан жер таба алмай жан сақтауға,
Үйге кеп кіріп кетті суықторғай.
Байғұсым қона кетті босағаға,
"Адамзат, кеңшілік ет осы араға", -
Дегендей жұмды көзін қалт-құлт етіп,
Қолына ап,
Үйде отырған босады ана.
"Жандарым, аман болсын ормандарың,
Отаның - жасыл жібек болған бағың.
Соғыс жылы көргенбіз бүрсең қағып,
Жетімдердің торғайдай тоңғандарын.
Онан бері өтті ғой неше заман,
Басқа қайғы түспесе босар ма адам.
Жетімектің талайын қарсы алғанбыз,
Торғай кіріп құлаған босағадан".
Суық желдің көбірек көрді ме өтін,
Көзін ашты сол торғай мен білетін.
Апам торға салдырып бақтырды оны,
"Жер бетінде болсын деп соңғы жетім".
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter