Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.11.2021
136
Күй құдіреті
Таптырмастан жүр еді көңіл емі,
Не тіледі, өмірден не біледі.
Жанған отқа жаңбырдай нөсерлетіп,
Сондай сәтте көктен төгіледі.
Төгіледі, көңілім бөлінеді,
Асқар таудай ақ қабақ көрінеді.
Көк мұхиттай тасиды көлшіктерім,
Күй көтерген неткен бұл көрік еді.
Бал бұлақтан жататын басын алмай,
Бақ-бақ гүлсің,
Бар мәуең шашылардай.
Дәл осындай сиқырлы саз естісем,
Көз жасымды отырам жасыра алмай.
Әуен шырқап, биіктеп бірге өсемін,
Бірге өспесем,
Қадірін білмес едім.
Құлазыған кездері
Құдыретті күй,
Өзіңменен жұп жазбай күн кешемін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter